Өткен тәулікте Ақтөбе облысының автожолдарында 23 адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына, жүк және жолаушылар көлігі үшін жол қозғалысының шектелуіне байланысты Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары 23 адамды эвакуациялады. Өңірде дауылды ескерту жарияланған.
Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауды, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.