Ақтөбе облысында Ойыл өзенінің су деңгейі төмендеді

11 Сәуір, 00:11 597

Ақтөбе облысында жағдай тұрақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының бау-бақша ұжымдарында су айдау және инертті материалдарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Ойыл ауданында Ойыл өзені су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Халықты, инертті материалды және азық-түлікті тасымалдау үшін понтон өткелі жұмыс істейді.

Қалған эвакуацияланған 1470 адам уақытша орналастыру пункттеріне, 6072 адам туыстарына орналастырылды.

Зарина Арман
Бөлісу: