Ақтөбе облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Бүгiн, 13:32 165

Ақтөбе облысындағы "Жайсан" теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған. Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған. 

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Перизат Саденова
Бөлісу: