Ақтөбе облысында ең арзан күнбағыс майы сатылады

28 Тамыз 2023, 12:49 2388

Статистикаға сәйкес, майдың ең жоғары орташа бағасы Алматы облысында 977 теңгені, ең төмені Ақтөбе облысында 652 теңгені құрайды. Бұл туралы Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бажды енгізу кезінде орташа баға 906 теңгені, Ұлытау облысында ең жоғары баға 1003 теңгені, ШҚО-да ең төмен баға 792 теңгені құрады. Бажды енгізу нәтижесінде майдың орташа бағасы 16,9%-ға төмендеді, - деді ол.

Былтыр күнбағыс майының экспорты 230 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп.

2023 жылдың 6 айында 253 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. Биыл бірінші жартыжылдықта отандық күнбағыс майын өндірушілер 146,1 мың тонна өнім экспорттады. БНС мәліметтері бойынша 22 тамызда күнбағыс майының бағасы 775 тг/л құрады. Соңғы аптада, статистика деректері бойынша, күнбағыс майының бағасы 0,4%-ға немесе 3 теңгеге төмендегені байқалды, - деді Айдар Әбілдабеков.


© ОКҚ

ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін «айналым схемасы қайта форматталды, яғни сауда желілерін қаржыландырудан өндірушілерді қолдауға ұмтылып жатыр. Мәселен, 22 тамыздағы жағдай бойынша ӘМАТ бағасының индексі 3,7% құрады. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 5 есе төмен.

2023 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24% артып, 20,4 трлн теңгені құрады, - деді комитет басшысы.

МТИ 2023 жылдың 1 жартыжылдығында ӘМАТ сату кезінде 300-ге жуық делдал анықталып, жойылды. 2023 жылдың 6 айында өңірлік комиссиялардың 995 отырысы өтті. Оның нәтижелері бойынша 298 өнімсіз делдал жойылды. Жергілікті атқарушы органдармен барлық ӘМАТ индикативтік бағалар әзірленді және келісілді. Отандық өндірушіні импорттық өнімнің демпингінен қорғау үшін шетелден әкелінетін ӘМАТ-тың ең төменгі көтерме бағасын белгілеу тетігі енгізілді.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: