Ақтөбе облысында әкімдік қызметкерлері қажетсіз құрылыс-монтаж жұмыстарына 2 млрд теңге жұмсамақ болған

6 Қараша 2023, 13:18 1035

Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдіктерінің қызметкерлері 2 млрд теңгеден астам сомаға қажетсіз құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізбек болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, олар біліктілік талаптарын бұза отырып, 2 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша жобалау-сметалық құжаттамада көзделмеген жұмыстарға лицензия беру туралы талаптар негізсіз белгіленген, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар Ырғыз, Алға және Мәртөк аудандарының экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, жалпы сомасы 360 млн теңгеге ведомстволық сараптамадан өтпей, жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: