Ақтөбе облысында 60 елді мекен интернет желісіне қосылады

10 Ақпан 2023, 20:29 1194

Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сапар барысында Цифрлық ведомство басшысы Қобда ауданының Талдысай ауылында болып, байланыс пен Интернеттің сапасын тексерді, сондай-ақ осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды бағалады.

Бұдан бөлек, министр Талдысай ауылындағы шағын жинақталған мектепте болып, «Bilim-all» бірегей жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мәні шағын жинақталған мектептерде білім беру сапасын арттыру болып табылады. Мысалы, бұрын осы мектепте бір мұғалім 5 пәннен сабақ берген жағдайлар болатын, бұл білім сапасына тікелей әсерін тигізетін.  Енді аталаған жобаның арқасында оқушылар арнайы таңдалған пәндерден кейбір сабақтарға онлайн режимінде қатыса алады.

Бұл ретте ауыл мұғалімдері жұмыссыз қалмайды, олар өз пәндерін оқытуды жалғастыруда, сонымен қатар жобаны жүзеге асыруға көмектесіп, тәлімгер қызметін атқаруда, деп хабарлады әкімдік.

         «Жоба өте маңызды және бірегей, және біз оны масштабтау үшін жоғары сапалы интернет қажет екенін түсінеміз және біз бұл мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуге бар күшімізді саламыз. Бүгінде интернет - су, жарық, газ сияқты қажеттіліктердің бірі болып барады. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановпен бірлесе отырып, интернетті әр ауылға тарату жолын қарастырып жатырмыз», – деді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар, сапар барысында Цифрлық даму министріне ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттерді жаңғырту жобасы көрсетілді. Жақында ауыл фельдшерлеріне онлайн диагностика үшін инновациялық медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған арнайы рюкзактар ​​берілген. Барлық деректер тікелей облыс орталығына беріліп, білікті мамандандырылған дәрігерлер науқастың жағдайын онлайн көріп, одан әрі емдеу тәсілдері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік алды.

Биыл Ақтөбе облысында 60 елді мекенді интернет желісіне қосу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, осы өңірде 315 ауылдық елді мекеннің 213-і кең жолақты байланыспен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, биылғы жылдың негізгі бағыты ретінде біз өңірлердің технологиялық дамуын анықтадық. Өткен жылдың соңында Министрлік Samsung компаниясымен бірлесіп «Samsung Innovation Campus» бағдарламалау мектебін ашты және одан әрі IT-де адами капиталды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Биыл Astana Hub-пен бірлесіп жергілікті IT-хабты ашуды және Ақтөбе облысының тұрғындары үшін TechOrda бағдарламасы аясында IT саласында тегін білім алуға мүмкіндік беретін  жаңа бағдарламалау мектептерін ашу бойынша жұмыстар жоспарланған.

EL.KZ
Бөлісу: