Ақтөбе облысында 58 отбасы баспаналы болды

Кеше, 23:46 124

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Шалқардағы 58 отбасы жаңа жылды өз үйлерінде қарсы алып, қоныстойын тойлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облыстық әкімдігінің мәліметінше, Асхат Шахаров Шалқар ауданына сапары барысында жаңа үйлерді аралап, жаңа қоныс иелерінің өмір сүру жағдайларын біліп, тұрғындармен әңгімелесті. Әкім азаматтарды жайлы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Шалқарда 24 пәтерлік үш коммуналдық үй салынды. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен бюджет қаражаты есебінен 17 екі пәтерлі үй (34 пәтер) сатып алынды. Барлығы 58 отбасы жаңа баспана кілтін алды, - делінген мәліметте.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: