Ақтөбе облысында 10 жасар қыз көліктің ішінде тірідей жанып кетті

28 Тамыз, 10:45 2655

Ақтөбе облысында 10 жасар қыз отырған көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ полиция департаменті баланың қайтыс болуы туралы тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс туралы хабарлады.

27 тамызда Хромтау ауданының Дон кентінде аулада тұрған ВАЗ автомашинасының өздігінен өртеніп кетті, бұл көрші үйдің бейнебақылау камераларының жазбаларымен расталады. Автокөліктің салонында қайтыс болған 10 жастағы қыз болған, - делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға кезінде қыздың ата-анасы үйде болған.

Баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: