«Ақтөбе мектептерінде жаппай атыс ұйымдастырылады». Полиция жауап берді

25 Қаңтар, 14:54 2661

Telegram-арналардың бірінде автор 26 қаңтар күні жаппай атыс ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

26.01.2024. Бұл күнді Ақтөбе ешқашан ұмытпайтын болады. Біз мектептерде жаппай атыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мейлінше көп адамды өлтіруге тырысамын. Біз бұған бір жылдан астам уақыт дайындалдық, - деп жазды автор.

Ол бұған 20 адам қатысатынын айтқан.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты терроризм жайлы жалған хабарлама таратқаны үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Полиция өкілдері күдіктілер жуық арада ұсталып, заңға сәйкес жауап беретінін айтты. Соған қарамастан білім ордаларында қауіпсіздік шараларына жіті көңіл бөлінгенін де қосты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: