«Ақтөбе» футболшысы үйленді

25 Желтоқсан 2023, 11:14 1233

«Ақтөбенің» аргентиналық жартылай қорғаушысы Леонель Струмия үйлену тойын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол отандасы Луз Ортиспен шаңырақ көтерді. 31 жастағы Струмия ақтөбеліктер сапын жыл басында толықтырды. Ол барлық турнирде 30 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Бұған дейін «Ақтөбенің» бұл ойыншымен келісімшартты ұзартатыны туралы хабарланған.

Струмия мұның алдында «Лиепая», РФШ және «Атлетико Алумни» клубтарында ойнаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от FC AKTOBE | ФК АКТОБЕ (@fcaktobe_official)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: