"Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары сенбілікке шықты

1 Мамыр, 23:13 989

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Ақтөбе» футбол клубы Орталық стадион маңында сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Экологиялық тайм-аутқа» спорт басқармасының ұжымы, клуб басшысы Азамат Шайхы, «Ақтөбенің» негізгі командасы, футзалшылар және QJ League турниріндегі екі жасөспірім командалары, жанкүйерлер атсалысты.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткен сенбілікте стадион айналасы күл-қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді.

Стадион – біздің екінші үйіміз. Оның шашылып жатқаны үлкен сын, сол себепті мұндай сенбіліктер керек-ақ, - деді «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Әлібек Қасым.

Перизат Саденова
Бөлісу: