"Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері тағайындалды

7 Қыркүйек, 01:20 763

"Ақтөбе" футбол клубының жаңа бас бапкері белгілі болды. Клубтың желі парақшасында Игорь Леонов бас бапкердің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

56 жастағы маман футболшы ретінде донецкілік “Шахтер” намысын қорғап, кеңестік Украинаның екі дүркін чемпионы атанған.

2006 жылы бапкерлік мансабын бастап, тап сол “Шахтер” жастар командасының тізгінін ұстады. Кейіннен украиналық “Ильичевец”, “Мариуполь”, “Арсенал” (Киев), “Минай” және “Нива” (Винница) сияқты ұжымдарда бапкер қызметін атқарған.

Игорь Леонов жыл басынан бері “Ақтөбе” ФК футбол орталығында еңбек етіп келеді.

 

Зарина Арман
Бөлісу: