Ақтаулық жастар «Самал сайы» шатқалында сенбілік өткізді

20 Сәуір, 13:18 683

Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының  ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы аясында «Самал сайы» мәдени-тарихи нысанында тазалық жұмыстарын жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының өкілдері және «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің» студенттері қатысты.

«Самал сайында» тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке 30-ға жуық ерікті қатысты. Табиғатты қорғау - адамзаттың борышы, - деді «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің» студенті Бекзат Алдаберген.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: