Ақтауды су басты

7 Қараша, 13:42 368

Ақтауда толассыз жауған жауыннан қала көшелерін су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шаһар жауын-шашынның мұндай көлеміне дайын болмай шықты. Мұнайлы астананың көшелері су астында қалып, ал коммуналдық қызмет өкілдері тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Әкімдік мәліметінше, 350 текше метр су сорылған.

Қалалық әкімдік дерегінше, 16 шағын ауданда, 17-ші және 12 шағын аудандарда су сору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Тұрғындар әлеуметтік желіде су басқан көшелердің суреттері мен видеоларын жариялап жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: