Ақтаудан Алматыға бағыт алған ұшақ әуежайға қайта қонды

Кеше, 16:03 303

8 наурыз күні Ақтау – Алматы бағыты бойынша ұшқан ұшақ әуежайға қайта оралған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экипаж №1 қозғалтқыштағы май деңгейінің төмендігі туралы техникалық ескертуге байланысты қозғалтқышты сөндіріп, стандартты процедураларға сәйкес әрекет етті, — деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, әуе компаниясы ұшақтың Ақтауға сәтті қонғанын және жолаушылардың компания тобының резервтік ұшағымен жөнелтілгенін мәлімдеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: