Ақтау маңына құлаған ұшаққа байланысты Қазақстан, Ресей және Әзербайжанда қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Әзербайжанның Бас прокуроры Кямран Алиев айтты.
Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің тиісті құрылымдары дәлелдер жинады, олар кейін кінәлі тұлғаларды анықтау үшін бірлесіп талданады. Қазіргі уақытта Ресейдің Тергеу комитеті және Бас прокуратура осы бағытта тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр, – дейді Алиев.
Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.