Ақтаудағы көппәтерлі үй алдындағы жасыл-желекті тамырымен жұлған тұрғын жазаға тартылды

1 Қазан 2023, 10:55 722

Ақтаудағы 4ш/а 31 үй тұрғындарының жаңадан қоныстанған көршілеріне ағаштар мен бұталарды тамырымен жұлып тастағаны үшін наразылық танытқаны айтылды. Оқиғаға қатысты облыстық ПД және қала әкімдігі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, жаңа пәтер иесі ағашты кеспеген, керісінше, жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтірген бұтақты кескен.
Аталған мәселе бойынша тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің және Полиция басқармасының мамандары барып, анықтау жұмыстарын жүргізді. Ағашты кесу деректері орын алмаған, жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтірген бұтақты кескен. Кескен азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін хаттама жасақталды, - деп жазылған хабарламада.
Ал ПД мамандарының айтуынша, тұрғынға көгалдандыру қағидаларын бұзғаны үшін хаттама жасақталды.
ҚР ӘҚБтК 505-баптың 1-тармағына ескерту түрінде жаза қолдану арқылы кінәлі деп танылды, - деді ПД өкілдері. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: