Ақтаудағы көлік жолдарынан 650 тонна қар шығарылды

Кеше, 20:10 198

Ақтаудағы автомобиль жолдарынан 650 тонна қар шығарылып, 120 тонна инертті материал себілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау қаласында қар тазалау және жолдарға инертті материал себу жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр. 

Жолдарды қардан тазалау жұмыстары алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға (аурухана, мектеп, балабақша, және т.б.) апаратын бағытта және қаладағы қауіпті жолдарда сондай-ақ қаланың басты магистральді көшелерінде жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде бүгін 120 тонна тұз-құм аралас қоспа себілді. Қазіргі уақытқа дейін орталық автомобиль жолдарынан 650 тонна қар шығарылды, - деп жазылған қала әкімдігі таратқан мәліметте. 

Аталған жұмыстарға 94 жол жұмысшы 18 арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, «Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары қалада қар тазалау мен көктайғақтың алдын-алу жұмыстарын тәулік бойы жүргізеді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: