Ақтаудағы балабақшалардың бірінде екі жасар қыз оңбай күйіп қалды

29 Желтоқсан 2023, 11:14 1263

Ақтаудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде оқыс жағдай болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі InAktau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Екі жасар қыз 26 желтоқсанда күйіп қалған. Анасының айтуынша, балабақшада тәрбиешілер жуындырған кезде ыстық су құйып алыпты. Қызда II дәрежелі термиялық күйік шалған. Қыздың ата-анасы полицияға арыз жазып, кінәлілердің жауапқа тартылғанын талап етіп отыр.

Қалалық білім басқармасы аталған балабақша жекеменшік екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта балабақша басшылығына тиісті шаралар қабылдау туралы ескерту берілді. Директордың ақпараты бойынша ұжыммен түсіндірме әңгіме өткізілді. Сондай-ақ тиісті тәртіптік шараларды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіліп  жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: