Ақтаудағы ауыз су мәселесінің негізгі себебі анықталды

3 Қараша, 13:52 437

Ақтау қаласының негізгі ауыз су көзін қамтамасыз етуші – «МАЭК» ЖШС. 2 қарашадағы ақпарат бойынша бүгінгі таңда «МАЭК» ЖШС су қоймаларын толтыруда қиындықтарға тап болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыз судың жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі – Ақтау қаласының жылумен жабдықтау жүйелерін толтыруға ауыз судың көп бөлігі жұмсалуы.

Сондай-ақ, жылыту маусымы басталғаннан бері «МАЭК» ЖШС өндірген ауыз судың бір бөлігі қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылуда, бұл да қаланы сумен қамтамасыз етуге әсер етіп отыр.

Қазіргі уақытта Каспий су тұщыту зауытын кеңейту жұмыстары аяқталуға жақын. Су тұщыту өндірісін ұлғайту арқылы, суды кезең-кезеңімен жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Құйылыс-Меловое кен орнынан (ұзындығы 46 шақырым) су құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл құбыр іске қосылғаннан кейін Ақтау қаласына су жеткізу көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: