Ақтаудағы ашық есік күні: Бір адамнан қатерлі ісік анықталды

15 Шілде, 04:31 503

Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде саркома қатерлі ісігін ерте сатыда анықтау мақсатында бірыңғай «Ашық есік» күні өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі диспансердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңғы сағат 09.00-ден түскі 13.00-ге дейін созылған қабылдауға 24 тұрғын келді. Оның біреуінен қатерлі ісік анықталып, 2 адам осы дертке күдікті деп танылды. Ал 3 келушіден басқа да ауру түрі анықталды, 20 адам әртүрлі тексеруге жіберілді. Барлығы тегін тексерілуден өтіп, онколог-дәрігерлерден кеңес алды. 

Саркома – сирек кездесетін қатерлі ісік. Негізінен 60-70 жас аралығындағы адамдарда жиі болады. Бұл ауру барлық қатерлі ісіктің шамамен 0,03% құрайды. Сондықтан қатерлі ісіктің кез келген түрін ерте сатыда анықтаудың маңызы өте зор, - дейді облыстық онкологиялық диспансердің емхана меңгерушісі Меруерт Мұқанғожина

Зарина Арман
Бөлісу: