Ақтауда жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Бүгiн, 02:29 203
Ақтаудағы жылу желілерінде 12 ақауды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан мамандар күні-түні жөндеу жұмыстарын жүргізгендіктен, ақау саны азайды. Жөндеу жұмыстары 3-шағын аудан №45 үй, 8-шағын аудан №14 үй, 15-шағын аудан №18, 22-шағын аудан №10б үй, 11-шағын аудан №7 үйдің маңында жүргізілуде.

Қала әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексеріп, тұрғын үйге қызмет көрсетуші мекеме өкілдеріне реттеу жұмыстарын қадағалауды тапсырды.
Жылу тұрғын үйлерге барғанымен, реттеу жұмыстары бар. Жылу радиоторларында ауа болуы мүмкін не болмаса, ысырмалар(задвижка, вентильдер) ашылмаған шығар. Реттеу жұмыстарын қадағалаңыздар, - деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Перизат Саденова
Бөлісу: