Ақтауда жоғалып кеткен қыз бірнеше күннен кейін табылды

22 Қазан, 15:10 473

Ақтауда 16 қазан күні үйінен белгісіз себептермен шығып кеткен 15 жастағы жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы полиция басқармасы хабарлады.

Ақтау қаласы полиция басқармасы криманалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда жасөспірімнің таңертең колледжге кетіп, қайтып оралмаған. Іздестіру жұмыстарын полицейлер мен «LIDER.KZ» еріктілер тобы жүргізді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: