Ақтауда «Жасыл ел» еңбек жасағының XX маусымы басталды

3 Маусым, 23:18 877

Ақтауда қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел - 2024» еңбек жасағы XX маусымның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшының міндетін атқарушы Абылай Фазылбек және жастар қатысты. Еңбек жасағы биылғы маусымда басты назарда әлеуметтік отбасы (көп балалы, толық емес отбасы және т.б.) санаттағы балалар ескерілді. «Жасыл ел» еңбек жасағына 400 жас жұмысқа қабылданды. Олар 2 лекке бөлінеді. 16 топтан құралған жастар 2 ай бойы қала тазалығының сақталуына өз үлесін қосады.

Елімізде «Жасыл ел» қозғалысы 2005 жылы басталған болатын. «Жасыл ел» жастары көгалдандыру мен тазалық жұмыстарына ғана емес, қаланың дамуына үлес қосып келеді. «Жасыл ел» жобасының негізгі мақсаты - жастардың еңбекқорлыққа баулу және елімізді көгалдандыру арқылы жастарды жұмыспен қамту. «Жасыл ел» еңбек жасағы XX маусымның басталуымен құттықтаймын. Алдағы уақытта атқаратын жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін,- деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.

Перизат Саденова
Бөлісу: