Ақтау қаласының 3-шағынауданындағы 57-үй маңында болған жасөспірімдер арасындағы жанжалға байланысты олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау қаласы ПБ қызметкерлері балалардың жеке басын анықтап, ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша хаттама толтырды. Сонымен қатар, осы оқиғаны ұялы телефонға түсірген жасөспірімнің ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларын қадағалауға және олардың тәртібіне назар аударуға шақырады. Мұндай жағдайлар қоғамда теріс әсер тудыратынын ескере отырып, ата-аналарға балаларымен профилактикалық әңгімелер жүргізу маңызды.