Ақтаудағы 4 шағын ауданда бозбала 6-қабаттан секіріп көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 2 мамыр күні сағат 7:20 шамасында болған.
Полиция жас жігіттің 6-қабаттан құлап қайтыс болғанын растады.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Жас жігіт 6-қабаттан секіріп кеткен. Өзге ақпарат жариялануға жатпайды, - делінген облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.
Расталмаған ақпарат бойынша, қайтыс болған жігіттің жасы 16-да болған.