Ақтауда зейнеткер той үстінде ұрлық жасады

10 Сәуір, 03:37 3599

Ақтауда мейрамханалардың біріне қонақ болып келген қария екі ұялы телефонды ұрлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, ұрлыққа қатысты оқиғаның бейнежазбасы жария болған. Онда егде жастағы ер адам айналасында ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, ұрлық жасады. 

«Криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдері күдікке ілінген 65 жастағы «М» есімді қала тұрғынын ұстады», - деп жазылған ПБ хабарламасында.

Аталған тараптың мәліметінше Қылмыстық кодекстің 188-бабында көрсетілген қылмыстық іс шеңберінде тергеп-тексеру жұмыстары басталған. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: