Ақтауда заңсыз сауда нысаны алынып тасталды

15 Мамыр, 02:05 533

Ақтауда комиссия мүшелері заңсыз сауда орындарына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында 9А шағын аудан №7/1 ғимараттың маңындағы заңсыз сауда орны алынып тасталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шараға Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі қатысты. Қала әкімдігіне 9А шағын аудан №7/1 ғимараттың артындағы сауда нысанына қатысты тұрғындардан арыз түскен. Арыз негізінде кәсіпкерге бірнеше рет ескерту түріндегі хабарлама жіберілген. Бірақ кәсіпкер хабарламаны ескермей, заңсыз нысанды алмаған.

Қала әкімінің өкімімен заңсыз сауда орындарына мониторинг жүргізетін арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда. Жалпы жыл басынан бері 5 заңсыз сауда орны алынып тасталған болатын. Алтыншысы 9А шағын аудан №7/1 ғимараттың маңында орналасқан. Аталған заңсыз сауда орнын алып тастау жөнінде кәсіпкерге бірнеше рет хабарлама жіберілді. Ескертуді қаперіне алмаған кәсіпкердің заңсыз сауда орны алынып тасталды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады, - деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Заманбек Оңғарбаев.

Зарина Арман
Бөлісу: