Ақтауда үш баласын айуандықпен өлтірген әкеге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

30 Шілде 2023, 16:18 1285

Сәуір айында Ақтауда үш баласын өлтірген әкеге қатысты сот үкімі апелляциялық тәртіппен қайта қаралып, өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Апелляциялық іс сотталушының және оның адвокатының апелляциялық шағымдары бойынша қаралды, олар соттың айыптау үкімін жойып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот алқасы үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз жоқ деп таныды. Сондықтан қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды», - деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. .

Маусым айының соңында Ақтауда өзінің кәмелетке толмаған үш баласын асқан қатыгездікпен өлтірген әкеге сот үкімі шыққан еді.  

Асқар Таудай
Бөлісу: