Ақтауда түнгі мезгілде қатынайтын екі автобус іске қосылды

19 Мамыр, 12:14 1208

Ақтауда түнгі ауысымда қатынайтын №10, №11 маршрут іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл автобустар сағат 22:00-06:00 аралығында белгіленген кестеге сәйкес жүреді. 

Қалада түнгі мезгілде күнделікті екі автобус жүреді. Атап айтқанда, қала бойынша №10, №11 маршрут іске қосылды. Бұл бастама Ақтау қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асырылып отыр, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: