Ақтауда есірткімен күрес қызметкерлері 42 және 33 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктілер Telegram арнасында есірткі дүкендерінің сілтемелері бар парақшаларды жарнамалаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Парақшаларда сондай-ақ «зелье» тасымалдаушысы және курьері ретінде жұмыс ұсынған. Ұсталғандар жұмыссыз және бұған дейін есірткі айналымы үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған.
Полиция дерегінше, күдіктілерден маркерлер, жарнамалық парақшалар және мобильді телефондар тәркіленді. Телефондарда оператордың әрекеттерін үйлестірген жазбалар мен суреттер сақталған.
Есірткіні заңсыз жарнамалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.