Ақтауда танымал блогер жол ережесін бұзған

15 Қараша 2023, 14:16 1645

Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus NX200 автокөлігімен орын алған құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланды.

Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ, автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен 27 жастағы азаматшаның жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: