Ақтауда шағынаудан тұрғындары ауыз судың жоқтығына наразылық білдірді

12 Маусым, 11:35 628

Ақтаудағы 19 шағынауданның бірқатар тұрғындары үш күннен бері ауыз судың жоқтығын айтып, шағымданған болатын. Олар №23 тұрғын үйдің ауласына жиналып, өздерінің талап-тілектерін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындармен кездесуге Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев, Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері мен «Каспий жылу, су арнасы» МКК басшылығы келді.

Ақтау қалалық әкімдігінің мәліметінше, уәкілетті тұлғалар тарапынан түсіндіру жұмыстарынан кейін барлық тұрғындар үйлеріне тарасты.

Айта кетейік, бүгін «Каспий жылу, су арнасы» мекемесі ауыз судың көп шығынына байланысты қысым сағат 19.00-ге дейін уақытша төмендетілгенін айтты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: