Ақтауда шағын автобус пен екі жеңіл көлік өртенді

14 Шілде, 16:44 457

Маңғыстау облысында өрт сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Ақтау қаласында шағын автобус жанып, жақын орналасқан екі жеңіл автокөлікке таралған.

Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 7 минут ішінде өртті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: