Ақтауда Rixos қонақүйіне айыппұл салынды

11 Ақпан, 18:48 825

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті Rixos қонақүйіне ірі мөлшерде айыппұл салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді. 8 қаңтарда Табиғи орта ассоциация кеңесінің төрағасы Ә.Қозбақовтан әлеуметтік желіде таралып жатырған бейнежазба бойынша, яғни Aktau Tourism City Ltd жеке компанияның филиалы мен TetysBlu парккі жағынан Қаракөлге құбыр арқылы сарқырама төгінді судың құйылып жатқандығы бойынша арыз түсіргені белгілі.

Аталған дерекке қатысты департаментпен "Rixos Water World Aktau" қонақ үйіне Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 144 бабы 5 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, 2024 жылдың 9 қаңтарында 3 санды жоспардан тыс тексеріс тағайындалды. Тексеріс нәтижесі бойынша Aktau Tourism City Ltd ФЖК-не қатысты эологиялық заң талаптары сақталмағандығы анықталып, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 331 бабының 2 тармағына сәйкес - осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа немесе эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекеті бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негізінде қарастырылып 1 846 000 тенге айыппұл салынды және Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 328 бабының 1 тармағына орай - шығарындылардың технологиялық нормативтерін, төгінділердің технологиялық нормативтерін, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерін немесе қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін асыру, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру, сол сияқты қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жұмыс істеп тұрған объектіге жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асырғаны бойынша іс қозғалғандығын және айыппұл 232 663 тенге салынды», - деп жазылған экология департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Aktau Tourism City Ltd жеке компанияның филиалы Департаменттің 3 бұзушылықты жою туралы ңұсқама негізінде "Rixos Water World Aktau" қонақ үйіне шығатын ағынды суларды қалалық кәріз желілеріне (канализацияға) қосылғанын және тазартылған ағынды суларын ағызатын Қаракөл көліндегі құбырдың алынғанын мәлімдеп отыр.

Былтыр желтоқсан айында Қаракөлде аққулардың жаппай қырыла бастағаны белгілі болды. Кейін облыс әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, құстардың жайын бақылауға алған болатын.

Кейін көл аумағында қырылған құстар бір айын ішінде мыңнан асты. Ал оларды жою жұмыстары көл маңайында жалғасып, арнайы техникамен жүзеге асырылды.

Жансая Әділбек
Бөлісу: