Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты кеңейтетінін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақын арада Ақтауда Ресейдің Бас консулдығын ашу жоспарлануда. Биыл Қазақстанның Ресей аумағындағы өкілдіктерінің желісі Екатеринбургтегі бас консулдықпен толықтырылды. Қазақстанның Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыда бас консулдықтары ашылды, - деді Тоқаев.