Ақтауда қызды аяусыз ұрып тастаған күдікті қамауға алынды

21 Қараша, 11:36 367

Ақтауда қыз баланы аяусыз ұрып тастаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деп күдіктелген ер адамды анықтап, ұстады.

Прокуратураның нұсқауы бойынша күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша тергеу жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Еске салайық, кадрдан жігіттің жас қызды бетінен ұрып құлатқанын көруге болады.

Кейбер деректерде жәбірленуші мен шабуылдаушы бұрын қарым-қатынаста болғаны, дегенмен ер адам үнемі сүйіктісіне қол көтере берген соң, қыз онымен айырылысып кеткені туралы жазылған. Сөйте тұра ол қызды аңдып, қорқытып, ұрып-соғады екен.

Желі қолданушылары оны Қуандық Бишімбаевқа теңеп жатыр. Ал жәбірленушінің туыстары кінәлінің жазалануын сұрайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: