Ақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық сессиясы өтті

12 Маусым, 17:02 523

Ақтауда ҚХА Маңғыстау облысының І жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланып, Мемлекет басшысының Ассамблеяның ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Сессия жұмысына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, этномәдени бірлестіктер мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мәслихат депутаттары және өңір жастары қатысты. Ғалым Шойкин өз сөзінде бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға елеулі үлес қосып жүрген барша маңғыстаулықтарға алғысын білдірді.

Мемлекет басшысы жаңа философиялық қағидаттарды орнықтыру ісінде Ассамблея басты рөл атқаратынын айтты. Ассамблея мүшелерінің, мемлекеттік органдар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның міндеті – қоғамдағы өзара құрмет пен сенімді нығайту, діни, өңірлік немесе әлеуметтік-экономикалық айырмашылыққа қарамай, жаңа біріктіруші қағидаттарды іздеу. Біз, Ассамблея мүшелері, қоғамдық миссияның маңызын түсініп, барлық азаматтар үшін осы мәселеде үлгі болуымыз керек, – деді ҚР МАМ Эносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы.

Облыстық сессия аясында «Славянка» этномәдени бірлестігінің тұсаукесері өтті. Ғалым Шойкин облыстың ЭМБ басшыларымен кездесіп, этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен оларды іске асыру тәсілдерін талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, ҚХА ХХХІІІ сессиясы осы жылдың 25 сәуірінде өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияның міндеттерін ілгерілету үшін, құндылықтарды нығайтуға бағытталған 13 түрлі идеологиялық, жастарға арналған, ақпараттық, профилактикалы кадрлық және басқа да жобалар әзірленуде. Бұл құндылықтар Ұлттық құрылтайда қозғалды. Олардың барлығы өңірлерде де іске асырылатын болады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: