Ақтауда қаза тапқан спортшы қызды туыстары жерлей алмай отыр

11 Шілде 2023, 12:10 2169

Ақтауда жұмбақ жағдайда қайтыс болған жас спортшы Валерия Шальнованы туыстары жерлей алмай отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтаулық спортшы Валерия Шалнованың қайғылы қазасына қатысты жаңа деректер мәлім болды. ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша қозғалған. Кейін полиция 119-бап («Қауiптi жағдайда қалдыру») бойынша тергеу жүргізуді бастаған болатын. Қазір ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі («Адам өлтіру») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды. Алайда, бұл туралы әлі ресми расталған жоқ. Қайтыс болғаннан бері сегіз күн өтті, бірақ жерлеу рәсімі болмады. Жерлеуге арналған құжаттар әлі дайын емес.

Оқи отырыңыз:

Спортшы қыздың туыстары шағымданып жатыр. Мәйіттің мәйітханаға жеткізілгеніне бір аптадан асқанына қарамастан сараптама келесі күні ғана жасалған. Олар демалыс күні болғандықтан процедураны дереу орындамады. Спортшының отбасы әлі күнге дейін медициналық сараптамадан қорытынды ала алмай отыр. Уақытты әдейі созып жатқанын туыстары да жоққа шығармайды.

Біз қазір талап ететін жалғыз нәрсе - қолымызға кем дегенде қандай да сараптаманың қағазын берсе екен. Яғни қандай себептен қайтыс болғанын білгіміз келеді. Бұл сараптама объективті, бейтарап жүргізілсе дейміз. Қыздың денесі көгерген, гематомалар бар, тіпті, тұншықтырған болуы мүмкін. Менің ойымша, бұл жағдайды қарым-қатынаста болған жігіті жасаған, - дейді спортшының әпкесі Каролина Шальнова.

Айта кетейік, 2 шілдеде су жиналатын арнадан 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованың денесі табылған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: