Ақтауда өрт сөндірушілердің ереуіліне байланысты қызметтік тергеу жүргізіледі

19 Ақпан, 20:26 825

«ҚазТрансОйл» АҚ нысандарында кезекшілік атқаратын «Зевс Энерго» ЖШС қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, үндеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Компания 2022 жылдың қазан айынан бастап жасалған шарт негізінде нысандардағы өртті сөндіру және алдын алу бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ға қызмет көрсететінін хабарлады.

Еңбек шартына сәйкес барлық қызметкердің жалақысы тапсырыс берушінің есебіне байланысты төленеді. «Зевс Энерго» ЖШС мен қызметкерлері арасында жасалған еңбек шарттары шеңберінде қызметкерлерге мынадай міндет қойылған: 
- өзінің лауазымдық міндеттерін адал, сапалы, уақтылы және жоғары кәсіби деңгейде атқару;
- жұмыс берушінің еңбек тәртібі мен ішкі еңбек тәртібі қағидаларының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және жұмыс орнындағы өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтау, - деп жазылған компания хабарламасында. 

Сондай-ақ компания «Зевс Энерго» ЖШС техникалық директоры бастаған комиссия қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеп отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: