Ақтауда оқушылар арасында республикалық шығармашылық байқау өтті

26 Қараша 2023, 11:22 789

Ақтауда Х Республикалық "Ақберен" зияткерлік сайысына барлығы 8-11 сыныптардың 100-ден астам оқушысы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Байқауға шешендік өнер байқауы, көркем оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта орындау, ақындар айтысы және т.б. сияқты бірнеше бағыт кірді.

Ақындар айтысына 22 импровизатор-ақын қатысты. Қазылар алқасының құрамыда елімізге белгілі ақындар Еркебұлан Қайназаров, Айбек Қалиев және Фархат Мұсаев бар.

Қатысушыларды Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қарсы алды. Өңір басшысы өскелең ұрпақтың "Ақберен" байқауында дарындылық танытып, ұлттық мәдениетке үлес қосып, патриотизмді қолдайтындарына сенім білдірді.

Республикалық "Ақберен" өнер байқауында біз отансүйгіштік сезімі мен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге шабыттанған талантты жастардың өнерлерін көрдік. Біз жаңа ұрпақтың тарих пен фольклорды жақсы білетінін көоіп отырмыз. Осындай жастарымыздың арқасында біздің байрағымыз әрқашан бейбіт аспан астында мақтанышпен желбірейтініне сенімдімін, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Айта кету керек, өнер байқауы шамамен 10 жыл бойы өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде оған 912 талантты қатысушы қатысты. Оның 35-і еліміздің түрлі жоғары оқу орындарына грант алды. Өткен конкурстың нәтижелері 26 қарашада жарияланатын қазылар алқасының шешімінен кейін белгілі болады.

Асқар Таудай
Бөлісу: