Ақтауда оқушы қызға тиіскен мектеп күзетшісі ұсталды

15 Мамыр, 09:20 1174

Ақтауда оқушы қызды зорламақ болды деген күдікпен мектеп күзетшісі ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

WhatsApp желісінде таралған жазбада оқиға №10 орта мектепте болғандығы айтылады. Жазба авторының айтуынша, мектептің ауласында ойнап жүрген бір топ қыздың бірін мектеп күзетшісі ресепшнге шақырып, күзет үстелінің артына апарған. Сөйтіп, қызға тиісе бастаған. Қыз қашып үлгеріпті. Сонымен қатар, желіде таралған жазбада күзетшінің жасы 52-53 шамасында екені айтылады.

Қыздың анасы дереу полиция арызданған. Бұл фактіні мектеп әкімшілігі растап, оқиға жексенбі, 12 мамырда болғанын нақтылады. Күзетші ұсталған: оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Сондай-ақ қауіпсіздік агенттігінің үстінен сот қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Ал Маңғыстау облысының полицейлері күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: