Ақтауда оқушы қыздар әжетханада қауіпті ойын ойнаған

Кеше, 16:54 276

Әлеуметтік желілерде бірнеше мектеп оқушысының қатарлас қызды ұрып-соққан сәті бейнеленген видео тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Instagram желісіндегі 112_aktau парақшасында жарияланған видеода оқушы қыздар балағат сөздер айтып, бір қызды кеудесінен және өкпе тұсынан ұрып, есінен тандырғаны көрінеді.

Қазір жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, аталған оқиғаға қатысты оқушылар Ақтау қаласы әкімі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы комиссияда қаралатын болады. Ақтау қалалық білім бөлімінің тарапынан мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды, - делінген Маңғыстау облысы білім басқармасы таратқан хабарламада.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: