Ақтауда NAIZA турнирі өтеді

6 Шілде, 14:45 766

NAIZA ММА-лигасы Ақтаудағы “Rixos Water World Aktau”-да халықаралық NAIZA 62 турнирін өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған бәсеке 6 күні сағат 18:00-де өз жанкүйерлерімен қауышпақ. 

Ақтауда өте үлкен туристік әлеует бар және біз оқиғалық туризм арқылы осы аймаққа көбірек назар аударғымыз келеді. Турнирлерімізді тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар Каспий теңізінің жағасында демалып жатқан көптеген туристер де тамашалай алады. Облыстың басқа қалаларын да аралайтын боламыз, өйткені мұнда болашақ чемпион атанып, еліміздің туын әлемдік ареналарда желбірететін жігіттер көп. Мастер-класстар ұйымдастырамыз, батырбол ойнаймыз және жастармен Қазақстанның ең танымал жауынгерлері арасында кездесулер өткіземіз», - деді NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы Олжас “Аю” Абзалиев (3-0) бразилиялық үміткер Марсио “Гамач” Сантоспен (19-8-1) кездеседі. Бұған дейін NAIZA 57 турнирінде Айболат Мұратұлын мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін, Марсио чемпионды жекпе-жекке шақырған болатын. 

Лига кешінде аса жеңіл салмақтың чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өтеді. Ақтөбелік жекпе-жек шебері Дастан Амангелді (7-1, 3 SUB, 2 KO/TKO) бірінші рет белбеу үшін айқасқа шығады. Оның қарсыласы DAR Team командасының жауынгері Нұрболат Әбу (9-1, 6 SUB, 2 KO/TKO) болмақ. 

Аса жеңіл салмақтағы чемпиондық айқас та өтеді. Диас Еренғайыпов (15-3, 6 SUB, 6 KO/TKO) белбеудің екінші қорғауын Болат Заманбековқа (7-1, 6 SUB) қарсы өткізеді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: