Ақтауда «Мейірімді ана» орталығы ашылды

7 Наурыз 2023, 21:41 1005

Ақтауда қиын өмірлік жағдайға тап болған жұмыссыз аналарға көмек көрсетуге бағытталған «Мейірімді ана» орталығы ашылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Мейірімді Ана» қоғамдық қоры қиын өмірлік жағдайға тап болған жұмыссыз аналарға көмек көрсетуге бағытталған жобаларды іске асырады. Әйелдерге тігінші, массажист мамандығын меңгеруге немесе өз ісін ашуға көмектеседі. Қор екі жыл ішінде мыңға жуық анаға көмек көрсетті. Оның ішінде 50 әйел тігіншілік курсын аяқтаса, тағы 5 адам бизнеске грант ұтып алды», - делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев проблемалармен бетпе-бет келіп, қоғамды жақсы жаққа өзгерткісі келетін белсенді үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету керектігін атап өтті.

«Мейірімді ана» қорының кеңсесі 29 шағынаудан, «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Жаңа кеңсеге келіп, кез келген қиын жағдайға тап болған әйел көмек ала алады.

EL.KZ
Бөлісу: