Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде

Бүгiн, 00:31 135

Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Еркінбек Жауқан бұл жұмыстар қаланы тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отырғандығын айтты.

Қаланы тұрақты ауыз су және тоқ көзімен қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласы әкімдігі мен мердігер мекеме арасында келісім-шарт жасақталды. Қазіргі таңда «МАЭК» ЖШС-ның су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу уақыты - 2025 жылдың қаңтар айы. Жұмыстар жүргізіліп жатқан аумақтың жалпы ұзындығы шамамен 560 метр, ал ені орта есеппен 20 метрді құрайды, - деді Еркінбек Жауқан.

Мердігер компанияның техникалық директоры Алексей Катиннің айтуынша, «МАЭК» ЖШС жылу электр орталығына(ЖЭО-2) су осы канал арқылы жеткізіледі.

Бұл учаскеде біз каналдың тереңдігін кем дегенде 3 метрге жеткізуіміз керек. Қазіргі уақытта жұмыстарды орындау үшін үш экскаватор жұмылдырылған. Олардың біреуі 18 метрлік ұзын жабдықпен жабдықталған. Сонымен қатар технологиялық жолды дайындау үшін стандартты жабдықтары бар техника қолданылуда. Қазіргі таңда жер қазу көлемі шамамен 5000 м3 құрайды. Аталған жұмыстар 2024 жылдың 14 қазанынан бастап жүргізілуде. Келісімшарт аясында біз 23 515 м3 топырақ үйіндісін шығаруымыз керек,- деді Алексей Гатин.

Зарина Арман
Бөлісу: