Ақтауда «МАЭК» ЖШС бас директоры тағайындалды

6 Шілде, 16:48 868

Ақтауда «МАЭК» ЖШС жаңа басшысы болып Кеңес Орақовты тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Кеңес Орақов еңбек жолын 1989 жылы Қостанай облысының Рудный қаласындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігі» ААҚ-да экскаватор машинисінің көмекшісі болып бастап, одан әрі экономист, жоспарлау-экономикалық бөлімі бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

Сондай-ақ Рудный, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Ақтау қалаларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылық лауазымдарында болды. 2010 жылдан бастап «ҚазАзот» АҚ Бас директоры қызметін атқарды.  2019 жылы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

Облыс әкімінің орынбасары кәсіпорынның жаңа басшысының алдына өңір тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, алдағы жылу маусымына дайындық, сондай-ақ комбинатты жаңғырту бағдарламасын жалғастыруға қатысты бірқатар нақты міндеттер қойды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: