Ақтауда күйеуі пышақтап тастаған әйелдің жағдайы белгілі болды

16 Шілде, 16:04 879

Дәрігерлер күйеуі пышақтап тастаған жүкті әйелдің жағдайын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, зардап шеккен әйел есін жиып, емделіп жатыр.

Жағдайы тұрақты ауыр. Жүктілігін сақтап қалдық, алаңдаушылық жоқ. Бұдан былай хирургиялық араласу болмайды. Емдеу шаралары жалғасып жатыр, – деп хабарлады медицина мекемеcінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ер адамды ұстауға қатысқан құқық қорғау органдарына қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын айтқан едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: