Ақтауда көліктен шыққан өрттен жүргізушінің қолын күйік шалды

4 Наурыз, 22:47 638

Ақтауда көлік өртеніп, оқиға кезінде 42 жастағы жүргізушісінің қолы күйіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыстан болған жағдай кезінде "Opel" көлігінен өрт шыққан.

4 наурыз күні сағат 16:35-те Ақтау қаласының 23-ші шағын ауданында 1994 жылы шыққан "Opel" маркалы автокөлігі жанды. Нәтижесінде  1982 жылы туған жүргізушісінің  оң қолының 5-6 пайыз бөлігі күйген. Өрт 16:45-те  сөндіріліп, оқиға орнына жеке құрамның 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды, - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Зарина Арман
Бөлісу: