Ақтауда кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

27 Шілде, 17:15 777

Маңғыстау облысының полицейлері прокуратурамен бірлесе отырып, «АҚТС» ЖШС басшылығынан ақша мен көлік бопсалады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
 
Күдіктілер кәсіподақ ұйымының жетекшілері бола тұра, белгілі бір ақпараттар таратып, жұмыс процесін тоқтатамыз деп қорқытып, 5 миллион теңге және 6 «ТоyotaHilux» автокөлігін талап еткен.
 
Көрсетілген сома аударылғаннан кейін қоғамдық бірлестік төрағасы мен оның көмекшісі, сондай-ақ ақшаны алуға қатысы бар делдал ұсталды. Бұл ретте делдалдың қалтасынан және көлігінен өсімдік тектес зат бар 12 қаптама тәркіленіп, сараптама тағайындалды.
 
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар Ақтау қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысы бар басқа адамдарды ұстау шаралары жүргізілуде.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: